Құрметті Атырау облысының тұрғындары мен қонақтары!
«Е-Өтініш» порталы арқылы келіп түсетін өтініштердің ішінде қайтыс болғаны туралы анықтама беру мәселесі жиі қойылады.
Осыған байланысты назарыңызға ұсынамыз, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-225/2020 бұйрығымен бекітілген "Жедел медициналық жәрдем көрсетудің, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларының" 19-тармағына сәйкес, жедел медициналық жәрдем (ЖМЖ) бригадасы:
• дәрілік заттарға рецепт жазбайды;
• еңбекке уақытша жарамсыздық парағын бермейді;
• қайтыс болу фактісін куәландыру мен оның себебі туралы қорытынды рәсімдемейді;
• алкогольдік және есірткілік мас болу мәніне куәландыру жүргізбейді.
Осыған орай, қайтыс болу фактісін растау және тиісті құжаттарды рәсімдеу Атырау облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының құзыретіне кірмейді.
Құрметпен,
Атырау облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы
Құрметті Атырау облысы тұрғындары мен қонақтары!
«Дабыл парағын» ұсыну мәселесі жиі қойылатын сұрақтардың бірі болып табылады.
Осыған байланысты түсіндіреміз: дабыл парағы тек учаскелік дәрігерге ұсынылады. Барлық медициналық ұйымдар құжат айналымын ақпараттық жүйелер арқылы жүзеге асыруына байланысты, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-225/2020 бұйрығымен бекітілген «Жедел медициналық жәрдем көрсетудің, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларының» 18-тармағына сәйкес, жедел медициналық жәрдем (ЖМЖ) бригадасы:
Пациент ауырған және учаскелік дәрігердің оған үйге актив арқылы баруы қажет болған жағдайда, ЖМЖ қосалқы станциясының (ЖМКС) дәрігері, фельдшері немесе МСАК ұйымының мобильді бригадасы МСАК ұйымына тиісті ақпаратты (актив) жолдайды.
Жедел медициналық жәрдем көрсетілгеннен кейін Сізге тіркелген жергілікті емханаға жүгініп, учаскелік дәрігердің кеңесін алу қажет.
Сонымен қатар, жедел медициналық жәрдемнің дабыл парағы анықтама, еңбекке уақытша жарамсыздық парағы немесе қайтыс болуды куәландыратын құжат ретінде қарастырылмайды.
Құрметпен,
Атырау облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы
