«30» маусым 2025 жыл
Өткізілген орны, уақыты: Атырау облысы, Атырау қаласы, Қайырғали Смағұлов, 14 а, мәжіліс залы, сағат: 16:00.
Қатысқандар:
Ахатова М.С. – комплаенс-офицер у.м.а.
Аубакар А.М. – директордың мед.көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау жөніндегі орынбасары м.а.
Тастемирова Ж.К. – персоналды басқару бөлімі маманы
Күн тәртібінде: IV тоқсан бойынша түсіндірме жұмыстар
Ахатова М.С. сөз сөйлеп, ағымдағы жылдың II тоқсанында «Атырау облыстық медициналық жедел жәрдем станциясы» ШЖҚ КМК-да сыбайлас жемқорлық фактілерінің анықталмағанын және орын алмағандығын, е-Өтініш порталы арқылы тұрғындар тарапынан арыз-шағым болмағандығын баяндап, алдағы тоқсандарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу қажет екендігін ескертті.
Аубакар А.М. сөз сөйледі: сыбайлас жемқорлық фактілерінің жолын кесетін іс-шаралар қабылдап отыру, азаматтардан түсетін өтініштерді мерзімінде тіркеп, оларға заңды түрде жауап беруді ұдайы бақылауда ұстауды қажет екенін атап айтты. Сондай-ақ алдағы тоқсандарда «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығын басшылыққа ала отырып, ішкі талдау жүргізуге дайындық жұмыстарын бастауды тапсырды.
Комплаенс-офицер у.м.а. М.С.Ахатова
Хатшы П.Ахметова